понедельник, 23 июня 2014 г.

 Дара тұлға

Бейімбет Майлин (Бимағамбет) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Таран ауданы. Алғаш ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. 1911-1915 жылдар аралығында Тройцк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте, Уфадағы Медресе-Ғалияда оқып білім алған. Алғашқыда мұғалімдік қызмет атқарған (1916-1919). «Еңбекші қазақ» (казіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоциациясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор қызметін атқарды. Саяси репрессияның құрбаны болды.

Ескеркіш Б. Майлин (18941939ж.)
Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газатінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек етеді.
Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік-тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі», «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл-стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.  
Жалғызтал ауылы көшпелі көрмесі
  Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол – көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
   Бейімбет-он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай  қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.Бейімбет – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде (1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды.   Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық, теңдік тақырыбын тілге тиек етеді.   
Арқалық қаласы Б. Майлин атындағы мектеп
Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай – типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын  суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
  Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.Ұлттық әдебиетіміздің баршаға белгілі із ашарларының бірі – Бейімбет Майлин. Заңғар жазушының шығармашылығын зерттеп, зерделеу кезінде мынадай үш нәрсеге көз жеткізді: Бейімбет – тұңғиық екен! Бейімбет – жұмбақ екен! Бейімбетті әлі де дұрыс тани алмай жүр екенбіз. Бейімбет - өзі жырланған заманның құрбаны, отыз жетінің ойранына ұшыраған асыл тұлғаның бірі.
   Оның шығармалары отызыншы жылдар орынсыз шырғалаңға түсті. Бейімбет қаламынан туған шығармалардың бәрі бірдей бүгінгі күнге жеткен жоқ. Қазақ қаламгерілері үшін кезінде «әрі Пушкин, әрі Гоголь» атанған Бейімбет Майлиннің шығармашылық мұрасы. Туған елі үшін қасқалдақтың қанындай қымбат, үкілеп ұстайтын киелі дүние. Өткен ғасырдың  20-жылдарындағы зәру мәселелердің бірі-оқулық болатын. Бұл істен Б. Майлинде сырт қалмай, өз жәрдемін беріп, белсене қатысты. 1928 жылы «Шала сауаттылар үшін оқу кітабын» дайындап шығарды. Оны түзетіп, толықтырып қайта бастырды. 1931 жылы І. Жансүгіров екеуі құрастырған «1931 жыл календарь жинақ» С. Сейфуллин, І.Жансүгіров және Әмина Маметовамен бірлесіп «Әдебиеттану оқу кітабын» жазып, өзі «Жаңаша оқы, жаз» деген кітапты дайындап шығарды. 
Арқалық қаласы Б. Майлин атындағы мектеп
1932 жылы ақындығының 20 жылдығы аталып өткенде басына үлкен соққы тиген болатын..Сол кездегі жиындарда,мақалаларда «ұлтшыл, алашшыл» деген кінә тағылып, солақай сынға ұшырайды..Ертеректе алашорда болды, соның жырын жырлады деп еске түсірді.   Б.Майлин байларды тәркілеу және қолхоздастыру мәселесін көрсетуге көп көңіл бөлді. Осы тақырыпта жазған әңгімелері- «Ұлбосын», «Сары ала тон,, «Колхоз қорасынд», «Қара шелек», «Сот  алдында», «Охрана бастығы», «Әліштің пырағы», повестері - «Он бес үй», «Қырманда», «Берен» пьесалары - «Майдан», «Талтанбайдың тәртібі», «Жасырын жиылыс». Бұлардың қайсысында болмасын Бейімбеттің сыны тұнып тұр. Ол шымшып алар юмормен, женіл сатирамен колхоздастырудың өрескелдікпен жүргізілгендігін іштей күліп отырып сынаған, әртүрлі бұрмалаушылықтардың зардабын суреттеген. Асырып та, кемсітіп те, көрсеткен жоқ, болған жағдайларды өз қалпында бейнелей білді.  
Арқалық қаласы Б. Майлин атындағы мектеп
Көпқырлы суреткер Б. Майлиннің  драмалық шығармаларының тақырыптары оның поэзиялық, прозалық тындыларымен сабақтас. Драмашының «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Шаншар молда», секілді пьесаларында сауатсыздықты жою, әйел еңдігін жүзеге асыру жолындағы кедергілер сыналады. Қай жанрдағы шығармасында да Бейімбет Майлин өмір ағыстарын, адам мінезін бір беткей алмай, түрлі қырларын, қалтарыстарын қамтып, шындықтың шырайын ашуға ұмтылғаны көрініп тұрады. Сондықтан да оның көркем туындылары әр замна келбетін, әрі қаhармандар  тұлғасын нанымды ашатын дәуір куәлігіндей қымбатты. Бейімбет Майлин өз шығармаларында халық өмірінің түрлі торабын қамтыған. Оның  шығармалары жазушылық өнер үшін  халықпен күшті  байланыста болудың, ел өмірін бес саусағындай біліп отырудың қаншалықты манызды шарт екенін  айқын танытады. Суреткерлік ең үлкен парызы-заман шындығының жаршысы бола білуі, халық тіршілігін анық, толық бейнелеуі  Б. Майлиннің  өшпес еңбегі.

 

пятница, 20 июня 2014 г.



Тума талант иесі


Осы жылдың 6-маусымында көшпелі көрме Жалғызтал және Целинный ауылында өтті. Орталық кітапхананың оқу залы бөлімінің кітапханашысы-  Дүйсенбаева Қырмызы мынадай кітап көрмесіне шолу жасады. Атап айтатын болсақ: «Тума талант иесі» атты кітап көрмесі. Бұл іс-шара «Қазахстан 2050» бағдарламасы жұмыстары аясында өткізілген. Орталық кітапхананың абонемент бөлімінде де 20-маусымда Б.Майлиннің 120-жылдығына арналған «Би- ағаң-қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті» атты кітап көрмесі өткізілді. Бұл көрмеде қазақ –совет әдебиетінің классигі Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасалынды. Әдебиетіміздің поэзия, проза, драматургия саласында  бірдей қажырлы да, жемісті еңбек еткен  Б.Майлин көркемдік жағынан құңды, көлемі жаңынан мол, тәрбиелі мәні зор көшпес мұрақалдырды. Оның өлеңдері мен романдары, скетчтері мен пьесаларында, повестері мен романдары қазақ кедейлерінің, еңбекші бұқараның бұрыңғы ескі өмірі мен советтік дәуірдегі жаңа тұрмысы, өткені мен келешегі реалистік шындығын тауып, шынайы суреттеліп отырады. Б.Майлин творчествосы сан қырлы. Ол ақын, ол-шебер әңгімеші, үлкен романшы және сахна сырын меңгерген дарынды драматург. Социалистік реализмнің аса көрнекті жазушысы Бейімбет Майлин біз үшін творчестволық мол мұра қалдырды,қазіргі оқырман жұртшылық бұл мұраны жақсы құрметейді деп үміттенеміз.