четверг, 10 июля 2014 г.




 Орталық кітапханада 2014 жылдың 10 – шілдесінде Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Би – ағаң – қазақ 
 әдебиетінің қайталанбас құдіреті» атты тақырыптық кеш өтті.






 

«Би-ағаң-қазақ әдебиетінің

 қайталанбас құдіреті».


 Жүргізуші 1:

Қазақ-совет   әдебиетінің   негізін  салушы   көркем  сөз  шеберлерінің  бірі-Бейімбет Майлин.    Творчестволық  жолын  революцияға  дейінгі  әдебиетімізде  кен орын  алған  демократиялық         бағытта   бастаған ол   Совет  үкіметі  тұсында ғана   өзінің  алуан  тақырыпты, көп  жанрлы,  талантты   шығармаларымен   мол  дарынын   таныта   алды. Әдебиетіміздің  поэзия ,проза,  драматургия   саласында  бірдей  қажырлы да, жемісті  еңбек  еткен  Бейімбет  Майлин  көркемдік   жағынан  құнды,көлемі   жағынан  мол, тәрбиелі   мәні  зор  көшпес  мұра  қалдырды. Оның  өлеңдері  мен   поэмалары,
әңгімелері  мен  очерктері, новеллалары  мен   фелетондары, повестері  мен романдары, скетчтері  мен пьесаларында  қазақ  кедейлерінің, енбекші  бұқараның  бұрынғы  ескі   өмірі  мен  советтік  дәуірдегі   жана  тұрмысы, өткені   мен  келешегі  реалистік  шындығын   тауып, шынайы  суреттеліп  отырады.

            Бейімбет  Жармағамбетұлы  Майлин   1894 жылы (қазіргі  Қостанай  облысы, Тобыл  ауданы, Майлин  атындағы  совхозда  туған. Жазушының  әкесі  Жармағанбет те, атасы  Майлы  да өте  момын  кісі, кісі есігінде   жалшылықпен  күнін  көрген  кедейлер   болыпты. Бейімбет ауылында  кейбір  көзі  ашық кісілерден   сауат  ашып, білімге  ынталана  түседі. Осыдан  кейін  іргелес  ауылдағы   Әбдірахман   Арғынбаевтың   медресесінде  оқиды. Б.Майлин  Троицкідегі «Уазифа» медресесіне, 1913 жылы  түсіп, 1914 жылдың  көктемінде  бітіріп  шығады, ал  Уфадағы «Ғалия» медресесінде   жазушы  1914—1915 жылдары  оқыған   болатын. Бұл  медреседе «Сайфи   Құдаштың  айтуына  қарағанда, табиғи-ғылыми  пәндермен  қатар, орыс тілі, орыс  әдебиеті  оқылған  көрінеді. 1914 жылы «Садақ» атты  қолжазба  журнал  шығарған.Онда   көбінесе  ауқатты  әлділердің  балалары  оқыған,қаржысы жоқ кедей балаға  бұл  медресенің   оқу  жағдайына  төзу  оңайға  түспеген,оқудың   екінші  жылында ол  мұны да   тастап  кетеді. Алғашқы  өлеңдерінің  бірі- «Мұқтаждықта» ақын былай  дейді:
 Ай,мұқтаждық,кесел  болып  тұрдың  ғой,
 Талапкерге қарсы  тұзақ  құрдың ғой.
 Қолың  созып,бойды  жазып жүргізбей,    
 Ауруы жоқ, бір  мүгедек  қылдың  ғой.   
 Тоқтау  салып  кейін   қарай  тартасың,  
 Жас  талапқа  бір  ауырлық, артасың
 Сөндіресін   жалындаған  жүрегін
 Түбін  қағып,жел  гулетіп  қалтасын, 
 Алты  айғы жаз бала  оқытып бір  байға,
 Бұл  кәсібі  келсе  егер  ынғайға,
 Жарлымын  деп  және  қарап  тұрмайды,
 Хақтан  қорқар  ұлтқа  қызмет  қылмауға.
           Октябрь  революциясы  женіп, Совет  өкіметі  нығайғанша  мұғалім  болып  жұмыс  істейді де. Бір  жағынан  ауылдағы  қазақ  кедейлерінің балаларын оқытып,сауатын ашса,екіншіден, өзі көрген-білгендерін өлеңге айналдырып  отырған. Сонымен  қатар, И.Крылов, Н.Гоголь, Л.Толстой, А.Чехов, М.Горький  шығармаларын құмарта  оқып, білімін көтеруге  тырысады,орыс    әдебиетінен үйрену  қажеттігін  сезеді. Торғай  даласында  Совет  өкіметі  орнап, іске  кіріскен кезде ауыл  мұғалімі  Бейімбет саяси  жұмыстарға  арласып, советтік   мекемелерде  қызмет  атқарады.   Әуелі    губерниялық   жер бөлімін  басқарады,кейінірек  Дамбар болысына  қарасты  оқу  мнспекторы,болыстық    оқу  бөлімінің   менгерушісі  т. б.  «Ауыл» редакциясында    қызмет істеп  жүрген  кезінде  Бейімбетті  1924 жылдың апрелінде  Қостанайдағы  Ленин  атындағы  баспахананың  бастауыш   партия  ұйымы  мүшелігіне  кандидаттыққа  қабылдайды.   Б. Майлин 1925-1927 жылдары «Еңбекші  қазақ» газетінің  жауапты  секратары  болып  істейді.      1923-1937 жылдар  арасында  Бейімбеттің  55-кітабы жарық  көрді, Олардың  ішінде  ең   күрделілері  мыналар: "Бейімбеттің   өлеңдері", "Шұғаның белгісі", "Раушан-коммунист", "Он жылда", "Колхоз", "Асулардан асқанда" сонымен 43 жыл  ғана  өмір сүргендарынды  жазушы көптеген  өлеңдер мен 14-15 поэма, жүздеген әңгіме, очерк. Фелетондармен қатар, 12-повесть, 20-дан астам пьеса, либретто мен  сценарийлер   жазып  қалдырды.

Жүргізуші 1:  Б.Майлиннің  алғашқы  жинақтарының  бірі-1926  жылы жарық  көрген "Ел сыры" атты  өлеңдер жинағы Б.Майлиннің   әйел  теңдігі тақырыбына  "Зәйкүл", "Мәлике", "Керілген кербез сұлу қыз", сияқты  өлеңдерін арнаған. Мысалы "Мәлике" - қатардағы  қазақ  әйелі-жиырмасыншы  жылдардағы  қазақ  әйелдерінің болмыс-бітімін, табиғатын, тағдырын өзге қырынан өрнектеген  көркем  туынды. Мәликенің базарға баруы, жолда шеккен азабы-барлығы  реалистік шындықты  аңғартады. Ақынның  Мырқымбай  туралы  ойы 1925 жылы  жазылған "Шапай комсомол" атты  шығармасында  одан  әрі  дамып,терендей түседі. Өлеңде   Шапайдың  үш түрлі  кезеңдегі  өмірі суреттеледі. Алғашында ол қара табан жалшы болатын. Тұрмысы нашар еді. Жоқшылық қолын байлап, бай есігінде құлдықта жүреді. Осы кезде  ауылда   комсомол   ұясы  ашылып, оған бар кедей-кепшіктің, жарлы-жақыбайдың  балалары   мүше бол кіреді.
Болаттай беп-берік,
Қатарын қарашы!
Мектебке  шұбырған
 Комсомол,пионер-
Екі ауыл  арасы  -Шапай да жастар тобына қосылып, ақыры дегеніне  жетіп, білім  алады.
Шапай комсомол,
Қызыл  ту  қолында .
Шапай  бастығы,
Пионер сонында
Ән дала күніренген,
Тізілген жас буын
Онында,солында  
Шапай нақ  бүгін
       Шын  бақыт жолында! –деп ақын өлеңін үлкен бір өмір  жетістігімен   ұштастыра отырып аяқтайды, Шапай-жоқшылық, жетімдік,  дәрменсіз  жас шақ, қайшылық. Әркімге көзге түрткі күндер: Шапай  жылауда  еді,
Көз  жасын көл қылып бұлауда еді.
Қайтсін  шерлі ғой,
Тұрмысы бұғауда еді,
Әттең,жоқшылық!
Әйтпесе,құл болып
     Есікте тұрар ме еді?-енді   Шапай-комсомол мүшесі. Өлең осылайша реалистік  шешім тауып, аяқталады. Шапай-қарыштап алға басып бара жатқан жана заманның  перзенті. Елдің  қайнаған   ортасынан  шыққан  Бейімбет  советтік заманның  алғашқы    дәуірінде өзі туып-өскен ауылда  асқан ұлы қарқынмен ұлы өзгерістер болып  жатқандығын қуана  жырлады.
                 
Жүргізуші 2: Повестері  мен   романдары. Бейімбет  Майлин  қысқа  әңгімелер, новеллалар, очерктер, фельетондармен  қатар, повесть,
романдарда  да  жазды. Б.Майлин   сол кездегі   жас  прозамызды  өркендетуге  орасан  мол  еңбек   сіңірген  еді. Оның  «Шұғаның   белгісі», «Раушан-коммунист», «Әміржанның  әнгімесі»,  «Берен», «Он  бес  үй», «Қырманда»  секілді  шығармаларын былай  қойғанда, «Асулардан  асқанда», «Жалбыр», «Әдет  құшағында», «Құсайык Құлбеков» атты повестері мен «Қонсылар», «Қызыл  жалау», «Тартыс» романдарының   үзіндісі   кезінде   республикалық баспасөз  беттерінде  жарияланып, жұртшылыққа танылғанды. Мысалы: «Он бес үй» повесі  жазушының   өз  ауылында  болған, өзінің тікелей  араласуымен құралған  артельдің   тарихын    суреттеуге  бағытталған.  «Раушан-коммунист» Б.Майлиннің  шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік, көркемдігі  жоғары, идеясы   терең де күшті повесть. Повесте-ауыл өмірін, колхоздастыру дәуірін, қазақ  әйелдерінің    өмірін тілге  тиек етті. Раушан-ауылдың қарапайым ғана әйелі, от басынан ұзақ  шықпаған жас  келіншек. Күйеуі-Бәкен де қой аузынан шөп алмайтын  жуас,момын  шаруа адам. Бәкен мен Раушан бір-бірін сүйіп қосылған. Тып - тыныш   қана семьяның  өміріне Раушанның әйелдер жиналысына делегат болып сайлануымен  байланысты өзгеріс кіреді. Раушанның жиналысқа  баруы от басының берекесін бұзатындай көрінеді Бәкенге,екіншіден, ел аузындағы алып-қашпа өсек-аян сөздер, онсыз да күйгелек Бәкенді күйдіріп жатыр. Повестің  барысында  Мәрзия  Раушанды  Әбілмен таныстырады да, оның Сабын көлге баратынын, сол кезде  Раушанды  ауылнайлыққа сайлайтынын айтады.          
         Раушанға ауылнай есебінде ісі  түсіп, Демесін тәрізді  қулардың  келіп, өз қызына  қалың мал  алмағаны  жөнінде  куәлік сұрап келу кезенінен бастап, Раушанның бүкіл характері  өзгеше суреттеледі. Ол  бұрынғы үй -іші, ошақ басынан басқа ештенені көрмеген әйел емес, енді өз   жұсысына   мемлекеттік көзқараспен  қарайтын  саналы, іскер коммунист. Повесте Раушанның өсу жолы  да, Бәкенмен қарым-қатынасы, өкпе-назы,реніш-күйініштері  өте нанымды  дәлелдермн өрнектелген. Майлиннің бұл туындысы  жазушы творчествосындағы  сәтті  де, күрделі   еңбектердің   бірі болғандықтан, кезінде орыс тіліне аударылып, Бүкіл  Одақ оқушыларына ұсынылды, Б.Майлин  барлық   повестерінде  ауыл өмірін, колхоздастыру дәуірін   тілге тиек етті.

Жүргізуші:                Кітап көрмесіне  шолу  жасау.

Даустп оқу беруші:  
Кім келмейді,кім кетпейді өмірден,
Есепші емес  санап жатар оны  мен.
Жан болады  өлсе де,әрі  тірідей,
Орын алған әрбір үйдің төрінен.
Сондай жан еді  Майлин Бейімбет
Жырлаушы еді,коллективім,елім деп,
Жүрмін, міне соның туған аулында,
Алматыдан сәлем бере келдім деп.
Үйлерінде үлгісі бар қаланың,
Күлкісі  шат  жалбыр шашты  баланың.
Ол  «он бес үй» отыз есе  көбейіп.
Алып жатыр Әйет,Жалтыр  танабын.
Әнмен-жырмен  таңды ұйқысыз атқардық.
Мұндатұрған жоқ қой түк те батырлық!
Осы  ауылға неге екенін білмеймін,
Ішімде бір жатты ыстық жақындық.


Жүргізуші 2:  Бейімбет  Майлин-қазақ драматургиясында комедия жанрының  негізін қалаушылардың бірі. 1920 жылы  Бейімбеттің «Қаламқас» атты комедиясы  Қостанайдағы қазақ жастарының күшімен қала  жұртшылығына көрсетілді. Б.Майлиннің «Ауыл  мектебі» атты бір перделі кұлкілі  скетчі  1925 жылы жазылды. Онда сауатсыздықты  жою үшін жүргізілген    күрестің бір  көрінісі сөз болады. Пьеса  кейіпкерлері  Зейнеп,  Мәреш, Маржан деген үш әйел  мен мұғалім және Жапай. Мысалы, мұғалімнен дәріс  алып  отырған  бұл үш әйелдің  бірі   Мәрешті «Ағам  ұрсып жаыр,байпағымды жамап берсін, қалаға  барам дейді,- тәрізді сылтаумен әкетсе, Маржанды "Қара сиырынның  торпағы  суатқа  жығылып, өлейін деп жатыр", -деп шақыртады. Екі жолдасы  кетіп , жалғыз  қалған  Зейнепті   күйеуі   Жапай келіп  алып кетеді.

Пьесадан  кішкентай  үзінді келтірейікші

Жүргізуші 1: Жаңа  оқу  жөнінде   мұндай   теріс  көзқараста  болған   ескішіл     адамдардың   надандығынан   түнілген   мұғалім ынталы  жастардың   барлық  зейінімен   оқуға  ұмтылғандығына   сүйсінеді. Солар арқылы  өз көңілін   жұбатады,  автор  осы кейіпкерлерді  сөйлету  арқылы  сахналық шығармаға айналдырған, әр кейіпкердің   образын айқындап, характерін жасайды. 20-жылдардағы қазақ  әдебиеті соның ішінде драматургияда елді  алдап келген арамза  молдаларды сынау негізгі  тақырыптардың   бірі  болып-Бейімбет творчествосында  бұл тақырыпқа - «Шаншар молда» атты бір перделі күлкілі  пьесасында Шаншардың  жат қылығы мен арамзалық пиғылын шенейді. Молданың  сөзінен  үзінді:                                                                           
     Мен бір  бақытсыз, - дейді ол -өзім сияқты молдалар ақшаны күректеп  тауып жатыр. Олардың елінде түсім көп:күн  құрғамай өлім. Менім келгеніме  екі  айдан  асты,әлі бір  тышқан  мұрны  қанаған  емес. Қанапияның шешесін   мен келгенде өледі  деп жүр  еді, ол да тіріліп кетті, екі-үш баланың  10-5 тиыннан берген жұмалығынан не өңсін! Бірі онбаса, бәрі оңбайды:  басқа  жағынан да бақытымның   ашылып   тұрған  жері жоқ деп-дүмше  молданы  осылай   суреттейді. Міне, Бейімбет осы тәрізді   кішкентай  оқиға  арқылы үлкен саяси мәні  бар күрделі   мәселелерді суреттеуге шеберлігін сан  рет танытқан  жазушы.  1937 жылдың  22 Х. N38  хаттамасының көшірмесі - Б. Майлин  ұлтшыл-контрреволюционер ретінде  айыпталып  НКВД  ұйымының  шешімімен тұқындалды. Үкім шығару: Б.Майлинді  халық жауы  деп танылып-партия қатарынан  шығарылсын.  Б.Майлинді ақталу жөніндегі  анықтама-қаза  болғаннан  кейін - 1957 жылы - 16 сәуір. 1938 жылдың  26  февраль-Әскери  коллегияның  үкімімен-жаңа  айғақтарға  байланысты, қылмыстық-  іс  болмағаны  жөнінде  тоқтатылды.Б.Ж. Майлин –қаза болғаннан  кейін - ақталып  шықты.

Жүргізуші 1:   Б.Майлин  творчествосы сан қырлы. Ол-ақын, ол-шебер  әңгімеші, үлкен романшы және сахна сырын меңгерген   дарынды   драматург.Социалистік  реализмнің   аса  көрнекті  жазушысы  Бейімбет  Майлин  біз үшін  творчестволық   мол  мұра   қалдырды. Казіргі  оқырман  жұртшылық бұл мұраны  жақсы біледі  ғой деп  ұміттенеміз.
         Осымен   Б.Маайлиннің  120-жылдығына  арналған «Би-ағаң  қазақ  әдебиетіміздің   қайталанбас  құдіреті» атты  тақырыптық   кешімізді   аяқтаймыз.                                                                     


Келесі  кездескенше  күн  жақсы  болсын!



  Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бейісқұлов, Т. Дарын даралығы  [Мәтін] /Т. Бейісқұлов. - Алматы:  Қазақстан,
1994. – 136 б.
2. Би аға. Б. Майлин туралы естеліктер [Мәтін] /Алматы:  Жазушы, 1991. – 304  б. суретті.
3.Майлин, Б. Тұңғыш құрбан  [Мәтін]  /Б. Майлин.- Алматы:  Рауан,
1994. – 254 б.
4.Майлин, Б. Шұғаның  белгісі [Мәтін] : Хикаят, әңгімелер /Б. Майлин. - Алматы: Раритет, 2006. – 256 б.
5.Ордалиев, С. Сөз зергері [Мәтін]: Зерттеу / С.Ордалиев. – Алматы:  Жазушы,
1982. – 168 б.


                                       

Комментариев нет:

Отправить комментарий